Abstract:
Мақала жеткіншектердің өзін-өзі жүзеге асыруының өзекті мәселесіне және білім беру ұйымындағы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару қызметін жетілдіруге арналған. С.И. Кудиновтің «Өзін-өзі жүзеге асыру» және В.Т. Кабуштың «өзін-өзі басқару» ұғымының анықтамалары негізінде жеткіншектердің әртүрлі әрекеттесу салаларында, соның ішінде өзін-өзі басқару қызметінде өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ететін факторлармен сипатталатын жеткіншектік кезеңнің ерекшеліктеріне назар аударылады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару моделінің сыртқы және ішкі жағдайларын бағалау критерийлері мен көрсеткіштерінің классификациясы ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі жеткіншектердің өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару моделін одан әрі жетілдіру және басқару қызметін барабар талдауға байланысты екендігі сипатталған.