Abstract:
Мақалада әмбебап педагогикалық құзыреттіліктер барлық мамандық мұғалімдерінің кәсіби маңызды сапаларының негізі болып табылатынына және оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына ықпал жасайтынына назар бөлінеді. Болашақ мұғалімдерді дайындауда әмбебап педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттілігі негізделеді. Әмбебап педагогикалық құзыреттіліктер педагогтың кәсіби маңызды сапаларының негізі ретінде қарастырылады.