Abstract:
Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады. Білім беру мазмұнында түсініктердің, іс-әрекет тәсілдерінің және жеке позицияның көрініс табуы тәжірибесінің кіріктірілуі білім алушының өзіндік іс-әрекет тәжірибесін оқытушымен бірлескен шығармашылық іс-әрекетте жүргізіледі. Бұл жерде құзыреттілік оқыту нәтижесі бола отырып, одан тікелей шықпайды, керісінше, индивидтің өзіндік дамуының, тұлғалық және іс- әрекеттік тәжірибені қорытудың салдары болып табылады.