Abstract:
Мақалада қарастырылып отырған мәселе болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне бағытталған, болашақ мамандар өзінің кәсіби құзыреттіліктерін оқыту үдерісінде қалыптастыруы қажет. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлауда эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу қажеттілігі туындауда. Бұл мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру мәселесі құзыреттілік тұғыр тұрғысынан қарастырылады. Эмоционалдық тұрақтылық және оны құзыреттілік тұғыр тұрғысынан қарастыру бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың ой-пікірлері, көзқарастары бойынша тұжырымдар жасалған. Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар қарастырылған.