Abstract:
Өзектілігі және мақсаты. Мақалада қазіргі таңда мектептерде, соның ішінде, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі айтылды. Сабақта АКТ–ны сапалы қолдануды ұйымдастыру үшін мұғалімнің АКТ құралдарын пайдалану бойынша жеткілікті дайындығы, дамытуы және өзекті тұстары сөз етілген.