Abstract:
Бұл жұмыстың мақсаты–соңғы кездері компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын студенттердің денсаулығына қатысты ең көп таралған мәселелерді қарастыру, сонымен қатар компьютерлік технологияның студенттердің физикалық белсенділікке дайындығының жалпы жағдайына әсерін бақылау. Өзектілігі: көптеген адамдар үшін компьютер өмір салтының қажетті бөлігіне айналды, бірақ сонымен бірге компьютер көптеген аурулардың көзі болды. Қазіргі жастардың әлеуметтік желілерге тәуелділігі–қазіргі қоғамның ең проблемаларының бірі.