Abstract:
Интернетті білім беру ортасында пайдалану көптеген ресурстарға қол жеткізуді жеңілдетті, сондықтан ақпарат алмасу айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, мұндай бөлісуді кеңінен қолдану бұл ресурстарды кез келген жерде және кез келген уақытта пайдалануға болатын қосымша артықшылықтар әкелді. Бұл технологияның тиімділігі білім алушылардың оқу үлгеріміндегі қалаған нәтижелердің үлесі арқылы бағаланса да, оны дәл анықтауқиын. Өйткені жасөспірімдер, әсіресе кейбір студенттер Интернетті білім беруден басқа себептермен пайдаланады (олар интернеттің қызықты түрін зерттейді). Бұл мақалада Интернетті пайдалануды зерттеуден гөрі интернеттегі ресурстарға қол жеткізудің тиімділігі зерттелді. Сонымен қатар, университет студенттері өз жобасында және семинар сабақтарда пайдаланатын интернет ресурстарының қандай әсерлері байқалатынын анықтауға тырыстым.