Abstract:
Физика пәніне деген қызығушылықты қалай арттыруға болады? –деген сұраққа жауап бере отырып, физика курсын оқудың бастапқы кезеңінде балаларды пәннің күрделілігімен қорқытпай, керісінше қызығушылықты ояту жолдары беріледі. Ақпараттық технологиялар адам өміріне тереңдеп еніп, ақпараттық құзіреттілік біздің білім деңгейімізді айқындап отырғанда, біз компьютерлік сауаттылықтан артта қалған мұғалімдерді ынталандыру әдістері де мақалада қаралған.