Abstract:
Мақаланың өзектілігі мобильді оқытудың пайда болуымен және оның оқу іс–әрекетіндегі жаңа мүмкіндіктерімен байланысты. Мобильді оқытуды іске асыру саласындағы қолданыстағы тәжірибе мен әдістемелік әзірлемелерге талдау жүргізілді. Шет тілді студенттер үшін қазақ тілін үйренуге арналған Android ОЖ–де мобильді қосымшаны іске асыру мүмкіндігі қарастырылды. Мобильді оқытуды қолдану аралас оқытуда тиімді екендігі атап өтілді. Талаптарға сәйкес модульдік құрылым және мобильді қосымша әзірленді.