Abstract:
Біз, зерттеу сабағы ретінде функционалдық сауаттылыққа негізделген сабақтар топтамасын өткізген болатынбыз. Сыныптағы АВС деңгей оқушыларын анықтап, оқушыларды тәжірибеден өткізуді жөн көрдік. Сабақтарды бастамай тұрып оқушылардан кіріс сауалнамасын алдық. Бұл бізге өткізген сабақтарымыздан кейінгі фунционалдық сауаттылық негізінде жасақталған тапсырмаларымыз арқылы өзгерісті анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу тиімділігін артттыру үшін,белсенді оқытуға арналған функционалдық сауаттылыққа негіздеп қолданып жоспарладық.