Abstract:
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерге арналған Информатика пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны жаңартылған білім беру талаптарына сәйкес өңделіп, заманауи сұранысқа ие тақырыптармен толықтырылды. Бұлттық технологиялар, жасанды интеллект, жасанды нейрондық желілер тақырыптары енгізілгендіктен, осы бағыттарға сәйкес педагог мамандардың жоғарғы оқу орындарындағы білімді игеруіне де көңіл бөлудеміз. Спиральділік қағидатына сәйкес тақырыптарды өзара байланыстыра зерттеулер жүргізу болашақ информатика педагогтарының әртүрлі бағыттарды игеруіне мүмкіндік жасауда.