Abstract:
Мақалада «Мән беріп оқу» технологиясының ерекшелігі мен оның көркем мәтінді оқу, тану, талдау, бағалау сатыларындағы маңызы жайлы сөз қозғалады. Көркем мәтін қабаттарындағы астарлы ойды, сөздің көркемдік қуатын, кейіпкер мен автор қатынасын танудағыаталмыш технологияның рөлі нақты мысалдар арқылы дәлелденеді. Мақалада «Мән беріп оқу» технологиясының мектеп оқушысын оқырманға айналдырудағы тиімділігі сөз болады.