Abstract:
Өзектілігі және мақсаты: география сабағында ІТ технологиясын қолдану арқылы білім алушылардың оқу–жаттығу қызметін өз бетінше жүзеге асыру, сондай ақ өмірдің әр түрлі салаларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін шынайы өмірде алған барлық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдану қабілеттерін арттыруға бағытталған. Виртуалды және кеңейтілген шындық, геймификация сияқты жаңа технологиялар география сабақтарын әртараптандырады, оларды қанық және көрнекі етеді. География сабағында ІТ технологиясын тиімді пайдаланаотырып, мұғалім оқушылардың жоғары белсенділігімен қызығушылығына қол жеткізе алады.