Abstract:
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытуда білім беру веб–сайттарын қолданудың ғылыми–әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылған. Білім беру веб–сайттарының көмегімен танымдық белсенділікті дамыту – күрделі ұйымдастыруды қажет ететін динамикалық процес. Танымдық белсенділікті дамыту бастауыш мектеп пәндеріне қатысты алғанда, бұл пәндер біртұтас педагогикалық жүйеде әлемнің ғылыми бейнесінің басты мазмұнының іргесін бірігіп қалыптастыруға, ғылыми–техникалық прогресстің гуманистік маңызын ашуға, алынған білімдердің кұндылығын кӛрсетуге, оқушының қоршаған әлемді тануға кызығуын туғызуға бағытталғандықтан ӛзекті проблемалардың бірі болып табылады.