Abstract:
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану.Өзектілігі – оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру,білім алушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сол технологиялардың ең тиімдісі ақпараттық–
коммуникациялық технологиялар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың маңызы зор.