Abstract:
Қазақ әдебиетінде зерттеуді қажет ететін тақырыптың бірі – эпистолярлық мұраны зерттеу арқылы Тұрсынбек Кәкішұлының жарияланбай қалған шығармаларын айқындап, жолжазбаларының, ой–толғаныстарының маңыздылығын зерделеу. Мақалада зерттелуге тиісті материал көбінесе Тұрсынбек Кәкішұлының күнделік, жолжазба, хаттары, жарияланбай қалған шығармалары төңірегінде қарастырылады. Осы тақырыпты зерттеу арқылы әдебиеттану ғылымындағы Т.Кәкішұлының жеке рөлін одан әрі айқындау мүмкіндігі туады.