Abstract:
Өзектілігі: Мақалада ұлттың рухани – экономикалық, әлеуметтік тұрғыда өсіп – жетілуі білімнің мазмұндылығы мен маңызына, оған деген көзқарасқа тікелей қатысты екені сөз етілген. Мақсаты: Ыбырай шығармаларынан қазіргі таңда да өзектілігін еш жоғалтпаған өнер – білім, тәлім – тәрбие, жамандық пен жақсылық, өтірік пен айлакерлік немесе адамгершілік пен мейірімділік сияқты кез – келген мәселелерді табу.