Abstract:
Автор мақала мазмұнында ағартушы шығармасының идеясы еңбекқор, қоғам белсендісін тәрбиелеу деп ой қорытады. Заманауи білім беруде инновациялық әдістер арқылы шығармаларын түрлендіруде оңтайлы тәжірибесімен бөліседі. Ұлт ұстазының мұрасы мектебінің игілігінде екенін сөз етеді. Ы.Алтынсаринді педагог,ақын,жазушы деп әр қырынан танытады. Ағартушының шығармаларын шәкірттеріне ақпараттық технология аясында жаңаша түсіндіре біліп, педагогикалық идеясын тәжірибесімен ұштастырады.