Abstract:
Ыбырай Алтынсарин – нағыз халықшыл жазушы, Өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін кӛтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Берілген мақалада Ыбырай Алтынсарин мен Спандияр Кӛбеевтің ағартушылық идеяларының қазіргі білім берумен үндестігі қарастырылады.