Abstract:
Бұл мақала Ы.Алтынсарин мен С.Көбеевтің халқымыздың педагогика саласындағы қалдырған ізін айқындап, қазіргі таңдағы сабақтастығын қорытындылайды . Олар барша қазақ болашағы үшін екі тілді мектеп – училищелерді алғаш ашып, ресми түрде ағартушылықтың іргетасын қалаған. Жаңа форматтағы оқу жүйесінен қорыққан халықтың бара – бара сеніміне де ие болды. Ең бастысы екеуі де демократиялық ұстанымдарға берік болып, келесі буынға құндылықтарды аманат ретінде қалдыра алды.