Abstract:
Бұл ғылыми мақалаға арқау болған мәселелер ұстаздық, ақындық, жазушылық дағдыларды бір бойына тоғыстыра білген ұлы ұстаз, ойшыл Ы.Алтынсариннің шығармашылығы мен жастарға кәсіби білім берудегі ғылыми ой – тұжырымдарға негізделген. Ұлы данышпанның даналық ойлары мен ғылыми тұжырымдамалары қазіргі таңда өз жалғасын табуда. Жас кәсіпкерлер мен дарынды жастарды қолдауда мемлекет тарапынан жасалынып жатқан игі істер де ерен еңбек пен тӛккен тердің жемісі екенін көрсетеді. Осы нәтижелі істерге арқау болған Ы.Алтынсариннің әңгімелері мен очерктері, достарына жазған хаттары ешқашан өз мәнін жоймақ емес.