Abstract:
Баяндама мазмұнында Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесін нақтылауда мәдениет-танымдық, этнопедагогикалық тұғырлар аясындағы жүйелiлiк, ақиқаттылық, баламалық, мәндік талдау, генетикалық, тарихилық және қисындылық, тұжырымдамалық бірлік ұстанымдарын басшылыққа алынды. Міне, осы айтылғандарда тәжірибеде қолдану аясын ашып көрсеткен. Педагогикалық жүйесінің өміршеңдігін сөз етеді. Қазіргі таңда мектеп өмірінде оңтайлы тәжірибе ретінде қарастырып, маңызы зор екендігін айтады. Ағартушылық қызметіндегі идеясын ұстанымына айналдырғанын тілге тиек етеді.