Abstract:
Мақалада Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектерінде білім беру, оқушыларды тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ыбырай Алтынсариннің пікірінше, педагогикадағы ең маңыздысы – мұғалімнің оқушымен тіл табыса білуі. Оқушыны мәдениетке, еңбекке, білімге қызықтыру қажет. Ол өз еңбектерінде ұрпақтан – ұрпаққа құнды ойлар жеткізді, қазақ жерінде оқу – ағарту ісін жүзеге асырды, халықтың игілігі үшін жұмыс істеудің үлгісін көрсетті.