Abstract:
Бұл мақалада Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық идеясы мен қазіргі білім берудегі сабақтастық туралы айтылады. Ол жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл аударды, сол жолды әлі күнге дейін біз жалғастырып келеміз. Қазақ даласындағы аумалы – төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлаған ғалым туралы терең ойлар айтылған. Қазіргі білім беру саласына үлкен өзгерістер енгізіліп жатқандығы туралы баяндалған.