Abstract:
Берілген мақаланың өзектілігі қазақ сахарасында мәдениет пен оқу ағартудың туын көтерген, халыққа қажетті бар байлық, бақыт та, жақсылық та біліммен келетінін насихаттаған, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау сияқты табанды істерімен де үлгі – өнеге көрсеткен Ы.Алтынсарин және С.Көбеевтің мұраларының маңызы ерекше. Оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Мақсаты: Қазіргі таңдағы қолданылып жүрген жаңа технологиялық топтық, өзгені тыңдай білу, бірлесе оқу әдістерінде Ыбырай, Спандиярдың педагогикалық идеялары жатқанын дәлелдеп көрсету.