Abstract:
Берілген мақалада оқушының бойындағы мотивацияны қалай оятуға болатынын,сабаққа деген ынтасын,қызығушылығын қалай арттыруға болатыны жайлы айтылады. Яғни оқушы бойындағы білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыратын білім беруде мотивацияның алар орны зор. Мотивация білім беруге тікелей əсер етеді. Пəнді оқыту барысындағы алар орны ерекше деп айтуға болады. ХХ ғасырдың басында психология ғылымында «бихевиоризм» деген сала пайда болған. Бұл сала оқытуды бақылауға болатын құбылыс деп қабылдайды. Осы сала мотивацияны ерекше бағалап, көңіл-күйдің, мінез-құлықтың қозғаушы күші деп санаған.