Abstract:
Мақалада көрнекті ағылшын постмодернизм жазушысы Джон Фаулздың «Мантисса» романындағы əйел архетипіне талдау жасалады. «Мантисса» романы бір-біріне қабаттаса суреттелген кеңістіктегі образдарға, көптеген халықтар мен дəуірлердің шындықтары мен көркем əдебиеттеріне бағыттайтын дəйексөздер
мен мəдени-тарихи аллюзияларға толы интермəтін екені айшықталады. Романға негіз болып отырған архетип ұғымының өзектілігі талданады. Уақыт пен жағдайға бағынбайтын бірнеше образдарға бір мезетте айнала алатын бас кейіпкер Эрато –
«Мантисса» романындағы əйел бейнесінің архетипін ашу арқылы Джон Фаулз барлық кездегі барлық халықтардағы əйел психологиясының көрінісін қамтуға ұмтылады.