Abstract:
Мақалада қостілділік туристік индустрияны дамыту тұрғысынан əлеуметтік-мəдени құбылыс ретінде қарастырылады. Туризм индустриясындағы билингвизмнің рөлі жəне Қостанай қаласының қонақ үй-мейрамхана кешендері қызметкерлерінің дайындық деңгейі талданады. Билингвизм лингвистикалық тұрғыдан да, психологиялық-педагогикалық жағынан да қарастырылады. Екінші тілді білу, сөзсіз, болашақ кəсіби маман даярлаудың өзекті тілдік компоненті ретінде қарастырылады.