Abstract:
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға жəне өсудің тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Осыған байланысты жалпы орта білім берудің барлық пəндері бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары əзірленді. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары – бүгінгі күннің талабына
сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Алғаш рет оқу жоспары белгілі бір білім беру материалын беруге емес, күтілетін нəтижелер жүйесіне бағытталғалып отыр.