dc.description.abstract |
Жем өзенінің ихтиофаунасының қазіргі жағдайы антропогендік факторлардың зиянды əсерінен, экологиялық дағдарыс, яғни, Жем өзенінің тартылуы жəне браконьерлердің теріс əсері салдарынан, Жем өзені ихтиофаунасының қазіргі жағдайы күрт нашарлауынан туындап отыр. Осыған орай, Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің ихтиофаунасының биологиялық алуантүрлілігін, олардың биологиялық ерекшелігі мен практикалық маңызы жəне қазіргі жағдайын анықтау қажеттілігі туындап отыр. Балықтар мен басқа да су жануарларының мекендеу орындарының азып-тозуы мен бөлшектенуі биологиялық əртүрлілікті төмендететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Судағы биологиялық ресурстар үшін мекендеу орындарының азып-тозуы мен бөлшектенуінің негізгі себебі ұтымсыз су пайдалану болып табылады. Су айдындарының ластануына, сондай-ақ гидробионттар
мекендеу ортасының азып-тозуына да душар етеді. Көбею орындарында, қоныс аудару жолдарында жəне қыстайтын жерлерінде балық аулау режимімен тыйым салу шараларын белгілеу қажет. Жем өзені ихтиофаунасының түрлік құрамын анықтап жəне жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтап қалу. |
en_US |