Abstract:
Мақала шет тілдерін оқытудағы шет тілі мәдениетінің контекстін түсінуге арналған. Мәдениеттер диалогының зерттелетін тіл елінің салт-дәстүріндегі, әдет-ғұрпындағы және әлеуметтік нормаларындағы ортақ және әртүрлі белгілер туралы фондық білімді қалыптастыру құралы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылады. Зерттелетін мәдениетке тән дүниенің концептуалды бейнесін қайта жасау шет тілі мұғалімдерінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.