Abstract:
Коммуникативті дағдыларды дамыту және жетілдіру заманауи дәрігерлерді дайындаудың таптырмас құрамдас бөлігі.Кез келген маман үшін қарым-қатынас стилдерін білу, коммуникативті дағдыларды орынды қолдану маңызды. Вербалды және вербальды емес қарым-қатынастың ерекшеліктерін білу, соның ішінде коммуникациялық қызметтерді жоспарлау және талдау кезінде коммуникация құралдарын қолдана білу маңызды. Коммуникативті дағдыларды тиімді меңгеру медициналық көмектің сапасын арттыруға көп септігін тигізеді. Бұл мақалада медициналық жоғарғы оқу орнында студенттердің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру жолдары көрсетіліп, «коммуникативтік құзырет-тілік», «коммуникативтік дағдылар», «қарым-қатынас» ұғымдарына негізделген ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалады.