Abstract:
Мақалада дүниетану сабақтарында оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың әртүрлі ойын технологияларын қолдану қарастырылған. Қазіргі мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың бір құралы – әртүрлі білім беру технологияларын қолдану. Білім беру технологияларының алуан түрінен келесі ойын технлогиясы таңдалды. Ойын технологиялары оқушылардың шығармашылық – іздестіру деңгейіндегі жұмысын ғана емес, сонымен қатар оқу пәндерін оқытудағы күнделікті қадамдарын да қызықты және тартымды етуге мүмкіндік беретін оқытудың бірегей нысандарының бірі болып табылады.