Abstract:
Мақалада қазіргі заманда өте кең ауқымда қолданылатын «құзірет» және «құзіреттілік» ұғымдарының мағыналық сипаттары сөз етіледі. Болашақ биология мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білімдер жүйесінің бірлігінде қарастырылған. Болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру іс-әрекетінің жалпыдан, яғни кәсіптік білім берудің әдіснамалық білімдерінен (заңдылықтар, ұстанымдар, теориялар, тұжырымдамалар, әдістер, ұғымдар және түсініктер) жекеге - оқытудың жалпы әдістемесіне, яғни жалпы орта және жоғары педагогикалық білім беру бағдарламасына бағытталатындығы талданады. Болашақ биологтардың мамандықты таңдауда әсер еткен факторларының нәтижесі, болашақ педагогтің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда қалай әсер етентіндігі және биолог студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыруда кәсіби білім беру мекемелеріне жүктелетін функциялар талқыланады.