dc.description.abstract |
XXI ғасырда орта білім беру жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістердің басында соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінің білім беру деңгейлерінде белсенді дамып, енгізіліп жатқан технологиялар жатыр. Қалыптасқан жағдайды өзгерту - қазақстандық білім беру сапасын арттыру бағыты соңғы жылдардағы көптеген стратегияларда, тұжырымдамаларда жарияланды. Smart -білім
беру дегеніміз - бұл өзін-өзі басқаратын, ынталы, икемді, ресурстармен байытылған, білім алушыларды, педагогиканы және формальды да, бейресми де оқытуды қамтитын ортаны біріктіретін технологиялық жүйе, сондай-ақ білім алушыларға қажетті білім, дағдылар, құзыреттер алу мақсатында
дербестендірілген тәсіл болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты - орта білім беру жүйесінде smart технологияны қолдануды зерттеу. |
en_US |