Abstract:
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді үш тілде оқыту контекстінде жаңашыл технологияларды пайдаланған жөн. Жаңашыл технологиялар білім беру жүйесінің басты орнына баланың тұлғасын, оны дамытудағы ыңғайлы, қауіпсіз, қолайлы жағдайларын құрып, табиғи әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етуін қояды. АКТ қашықтықтан, жеке оқытуға мүмкіндік береді, әртүрлі білім беру ақпараттарына (анықтамалық, энциклопедия, оқулықтар және т.б.) қолжетімділікті қамтамасыз етеді.