Abstract:
Геометрия пәні математика курсының негізгі пәндерінің бірі. Оның мектептегі математикалық білімдегі рөлі өте маңызды және мектептегі бүкіл оқу мерзімі шамасында оқытылып келеді. Жалпы білім беру мектебінде геометрияны оқыту әдістемесі мәселелері бүгінгі күні ақпараттық технологиялардың енгізілуіне байланысты аса маңызды болып отыр.