Abstract:
Мақалада мемлекетіміздің тәуелсіз ел ретінде дамуы барысында білім беружүйесіндегі инновациялық білім беру модельдері қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие екені көрсетілген. Білім беруді жаңашаландыруды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты: қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары мен жаңа технологиялары бар. Колледждерді дамыту жүйесіндегі инновациялық білім беру модельдерінің бірі – модульдік оқыту технологиясын тиімді пайдалану арқылы білім сапасын жоғарлатуға мүмкіндік туады.