Abstract:
Бұл мақалада педагогтардың кәсіби дамуындағы инновациялық технологиялар
мәселесі қарастырылады. Оқу үрдісінде озық технологияларды қолданудың әдістеріне негізделеді. Озық технология - басты нысан ретінде қарастырылады. Мақалада ғылыми-техникалық ақпаратты дәстүрлі әдістер мен интернетті пайдалана отырып, іздей білу тақырыбы қозғалады. Мақалада оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері ашылады. Қорытындылай келе, ғылым мен білімдегі инновация – бұл жаңа өнертабыстар мен инновациялық оқыту әдістерін қолдану қажеттілігі туралы айтылады. Мақалада жобалық оқыту технологиясы негізгі қадамдары қарастырылған. АКТ-ны оқу үрдісінде пайдалану – оқу мотивациясын арттырудың бір жолы екендігі дәлелденді.