Abstract:
Мақалада қазіргі таңда оқушылардың ой-өрісін қалыптастыруда шет тілі сабағында видео-технологияларды қолданудың маңызы айтылады. Шетел тілін меңгерудің қазіргі жағдайында тілдік жағдаяттарда тілдік бағыттылық дағдыларын меңгеру үшін ақпарататтық-коммуникативтік технологияларды тиімді қолдану ұстаздың шеберлігін көрсетеді. Заманауи мектептер дамуының қазіргі кезеңінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде барлық мәнге ие болуда.Ағылшын тілі сабағында бейнежабдықтарды пайдалану оқушылардың ағылшын пәніне деген қызығушылығын артырып қана қоймай, көптеген жаңа сөздерді, жаңа тақырыпты меңгеруге тиімді болады.