Abstract:
Мақалада болашақ педагогтардың жалпы кәсіптік пән – педагогиканы оқу
үдерісінде медиақұзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі негізделеді. Кәсіптік оқу орнында педагогиканы оқытудың негізгі ұстанымдары, болашақ педагогтың педагогиканы оқу үдерісінде қалыптасатын медиақұзіреттілігінің негізгі компоненттері анықталды. Мақалада болашақ педагогтардың медиақұзіреттілігін қалыптастыру ұстанымдары тұжырымдалған, педагогиканы оқу барысында білім
алушылардың медиақұзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік тәжірибесі сипатталған. Мақалада педагогиканы оқыту үдерісінде болашақ педагогтардың медиақұзіреттілігін қалыптастыру мәселелерін зерттеудің келешегі болжанған.