dc.description.abstract |
Мақалада қазақтың ағартушылық тарихында және қазақ жерінде зайырлы
мемлекеттің қалыптасуында із қалдырған, күш-қуатын халық мүддесі үшін аямай жұмсаған адал азаматтың бірі болып, Ыбырай Алтынсаринмен бірге оқығаны, үздіктер қатарынан көрінген Шаһмұрат (кей деректерде Шахмұрат) Құлыбеков туралы жазылған. Ыбырай Алтынсарин 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай жерінде алғаш мектеп ашқан болса, Шаһмұрат Құлыбеков осы жылдың 25 қазанында
Ырғызда білім ордасын ашты. Бұл екі тұлғаның еңбегін бөліп жарып қарауға болмайтыны сөз етілген. Шаһмұрат туралы алғаш рет ырғыздық өлкетанушы Сейілхан Оразымбетовтің 1996 жылы жарық көрген «Ырғыз» кітабында жазылды. Ш.Құлыбековтің дүниеге келген және өмірден өткен уақыты әзірге белгісіз. Ағартушының өмір жолы мен қызметі туралы мәлім болған деректер жайлы мақалада көрсетуге тырыстық. |
en_US |