Abstract:
Әр түрлі типтегі және күрделілік деңгейіндегі есептерді шешу арқылы химия
курсын тиімді игеруге болады. Қолданыстағы химия оқулықтарында «жұмбақ» есептерді шешудің мысалдары іс жүзінде жоқ немесе олар өте аз мөлшерде берілген. Қосылыстардың молекулалық формулаларын есептеу, оларды шешуге үйрету 9-сыныпта басталады, алайда мектеп оқушыларына үлкен қиындықтар туғызады, бұл тапсырмалар жалпылауды, бұрын қалыптасқан білімді пайдаланбай,
тапсырмалардың ерекше түрі ретінде ұсынылатындығымен түсіндіріледі. Мақаланың мақсаты мектептерде және жоғары оқу орындарында білім алушыларға химияны оқытуда «жұмбақ» есептердің рөлін анықтау және оларды тиімді шешу жолдарын көрсету.