Abstract:
Қазіргі таңдағы мұғалімдердің жұмысы тек білім беріп қана қоймай, тиімді
басқару құзыреттілігіне бағытталып отырады. Қазіргі мектепке жаңа материалды түсіндіріп, жұмысын ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін сауатты басқара алатын ұстаздар қажет. Аталған мәселе, оқушының білімінің кепілді деңгейін қамтамасыз ете алатын мұғалімнің – мұғалім-менеджердің жаңа рөлі, т.б. белгілі бір уақыт шеңберінде және ресурстардың алдын ала белгіленген құнымен болжамды және диагностикалық нәтижеге қол жеткізуді қарастырады.