dc.description.abstract |
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазіргі география сабағындағы
елтанулық білім берудің мазмұнын әлі де болса жетілдіру қажет. Себебі тәжірибе көрсетіп отырғандай педагогтер қауымының басым көпшілігі елтану бөліміне бөлінген тақырыптар санының аздығын алға тартады. Сонымен қатар бұрынғы және қазіргі елтанудың айырмашылығы барын сауалнама нәтижесі көрсетіп отыр. Қазіргі елтану бөлімінің тақырыптарын кешенді түрде қарастыру қажет. Оқушылардың көпшілігінде картамен жұмыс істеу дағдыларында қиындықтардың бары анықталды. Оқушылар әлем елдерінің географиялық бейнесін тұстастай көргенімен, оларды дербес қарастыруда қиыншылықтарға тап болады. Сонымен қатар елдерді оқып тануда талдамалық, салыстыру, бағалау, сыни ойлау сынды қабілеттерін дамыту қажеттігі айқындалды. Зерттеудің мақсаты орта мектептердегі қазіргі елтанулық білім беру мазмұнының тенденцияларын талдау, бағалау арқылы мәселелердің шешу жолдарын ұсыну. |
en_US |