dc.description.abstract |
Мақалада мысал жанрын мектепте оқытудың ерекшелігі талданды. Яғни, оқушылардың сабақ барысында ақпаратпен жұмыс жасай алу жəне оны өмірде қолдану жолдары зерделенді. Мысал жанрының оқушыға тигізер маңызы – тұлға психологиясы, əлеумет-тану теориясы, когнитивті лингвистика, рухани-моральдық аспекті жəне таным теориялары бағыттар тұрғысынан қарастырылды. Талдау барысында жаңаша көзқарастар мен теорияларды жинақтаған еңбектер пайдаланылды. Мақалада оқушылардың мысал жанрын оқу барысында таным жəне ақыл-ой процесі дағдыларын дамыта отыра білім алуы, оны өңдеу, талдау жұмыстарын іске асыруы жəне түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен əдіс-тəсілдерді ұтымды қолдану маңыздылығы баяндалды. |
en_US |