dc.description.abstract |
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында арнайы медициналық топтарда сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы жазылған. Қазіргі заманда адам денсаулығы өзінің əлеуметтік мəртебесін, еңбекке оңтайлықа білеттілігін, өмірінің ұзақтығын көтерудің пəрменді факторы болып саналады жəне елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның техникалық-экономикалық потенциалын арттыру. Денсаулық үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тəрбиелеудің негізі, мəдениеттің рухани жəне адамгершілік құндылықтарын игерудің, мамандық білім мен мамандық қызметтің берікіргетасы. Aлайда, студенттердің денсаулық, дене дамуы, дене даярлығының ахуалы зор қамкөңіл тудырады. Сондай-ақ, жағымсыз үрдіс байқалады – жағдайсыз əлеуметтік факторлармен табиғат ортаның əсерінен ағзаның ауруларға қарсыласуының төмендеуінің кесірінен ауру студенттер санының
үдемелі көбеюі.
Қазақстан халқының денсаулығының нашарлау мəселесі жылдан жылға маңызы көкейкестіге айналып келеді. Арнайы əлеуметтік медициналық тобына (ƏМТ) жататын студенттер саны тұрақты көбеюде. Мұндай студенттермен жұмыс жасағанда оқытушылары дене шынықтыру құралдарын таңдау, ұсынылатын денеге түсетін ауырлыққа төзе алушылықтың өлшемін белгілеу жəне ағзаның функционалды ахуалын белгілейтін əдістерді таңдау кезінде көп қиыншы-лыққа кезігеді. |
en_US |