Abstract:
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуы.
Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»-деп айтып кетті. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы. Мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің алғы шартының бірі. Әдістемелік жұмыс – ол педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығын көтеруге бағытталған жүйелі істің бірі.