dc.description.abstract |
Қазақ тілі - Ыбырайдың ықыласпен оқитын шығармалары, Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні.Бұлар- біздің рухани кодымыз. Мерейіміз тасып, мәртебеміз өсіп тұрған сәтте де жадымыздан шығармайтын нәрсе –рухани құндылық. Арда болмысымызды сақтау; сақтай отырып жаңғырту -басты міндетіміз болуы шарт. Замана сынынан сүрінбей өтіп, озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білуіміз қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани- тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сондықтан «Нұрлы жолда» нық қадам жасау үшін Ыбырай атамыздың арманын асқақтатып, оның шығармаларын зерделей оқып, оқығанымызды ықыласпен тоқи білуіміз керек. |
en_US |