Abstract:
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алты бағытқа басымдық берілген. Соның бірі - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық беретін межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында тұруы шарт екені даусыз. Бұл - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған орамды ой.